Біліктілікті көтеру және Foundation жоо-на дейінгі дайындау орталығы
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЙЕЛ. ҚОҒАМ. САЯСАТ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР

Біліктілікті көтеру және Foundation жоо-на дейінгі дайындау орталығы

Жалпы мәлімет

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2015 жылғы 24 қарашадағы өзгерістер) негізінде білім беру ұйымдарын қосымша білім беру қызметтерін жүзеге асыруды және қамтамасыз етуді көздейтін, 37-баптың 2-тармағының 35-бабының 2-тармағы, қазіргі заман талабына сай кәсіби біліктілікті жоғарлату  мақсатында ТарМПУ базасында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Біліктілікті көтеру және Foundation жоғары оқу орнына дейінгі дайындау  орталығы жұмыс істейді.

Орталық миссиясы

  • әлемдік және қазақстандық тәжірибе негізінде педагог кадрлардың кәсіби шеберліктерін жаңарту оларға жоғары сапалы білім беру арқылы біліктіліктерін жүйелі түрде көтеру;
  • ЖОО-да  оқуға даярлық деңгейін арттыру.

 

Орталықтың негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • педагог кадрлардың біліктілігін көтеру ғылыми техниклық прогрестің, экономиканың дамуына байланысты, бұрыннан алынған немесе алынуға тиіс жаңа кәсіби білім мен тәжірибені жүйелі, әрі сапалы тереңдету, жаңарту, кеңейту;
  • педагог кадрлардың ұсыныс-тілектерін ескере отырып, оқытудың жаңа әдістері қамтылғын мазмұны жаңа білім бағдарламасымен  құзыреттілікке бағытталған жаңа білім беру моделіне көшу;
  • оқыту курстарын жаңа инновациялық әдістермен өтуді ұйымдастыру;
  • курстан өткен тыңдаушыларға сертификат беруді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу үшін пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы тыңдаушылардың білім деңгейін көтеру барысында сапалы білім беру қызметін көрсету;
  • кешенді тестілеу пәндері бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және таңдау пәні) мақсатты оқыту.

Қосымша мәлімет:

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті “Foundation” жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсына тыңдаушыларды қабылдайды:  (Жалпы ереже)

ЖОО-лардың  дайындық бөлімдеріне түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдау комиссияларына мынандай  құжаттарды ұсынады:

1) еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;

2) орта (жалпы), бастапқы кәсіптік  (техникалық және кәсіптік ), орта кәсіптік  (орта білімнен кейінгі ) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымша;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама.

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі биология, физика, химия, информатика пәндерінен білімдерін жоғарылату  және қазақ , орыс , ағылшын тілдерін дамыту мақсатында мемлекеттік гранттар бөліп отыр.

2017-2018 оқу жылында Foundation дайындық курсында мемлекеттік  білім тапсырысы бойынша 36 тыңдаушы оқиды. Оқу бағдарламасы кредиттік технологияға сәйкес ұйымдастырылған. 3 қазаннан бастап 9 ай бойы тыңдаушылар  жаратылыстану бағыты бойынша “Биология”,  “Физика”,  “Химия”,  “Информатика” пәндерінен білімдерін арттырады. Тыңдаушылар ай сайын  стипендия алады.

Тыңдаушылар курсты аяқтап, кешенді тестті сәтті тапсырғкан соң, Қазақстанның  кез келген жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алады.

Біліктілікті  көтеру  аясында өтетін  оқыту курстарының төлемақы құны 18 000 теңгені құрайды. Курстың ұзақтығы 2 апта көлемінде 72 сағатқа арналған. Біліктілікті көтеру курстарына өтініш төмендегі көрсетілген  адресте қабылданады:

Тараз қ., Төлеби к. 62.  308 кабинет (ТарМПУ, бас ғимарат №1) e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript , тел. 8 (726-2)   51-60-33,  8705 90 23713.

Қаржылық реквизит

РГП на ПХВ   ТарГПУ

БИН 040440007305

ИИК KZ 376010161000026196

АО Народный Банк

г. Тараз

БИК HSBKKZKX

КБЕ 16

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support