ТАРМПИ РЕКТОРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ СҰХБАТ БЕРДІ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР ТАРГПИ ДАЛА ИНТЕРВЬЮ ПРЕДСТАВИТЕЛЯМ РЕСПУБЛИКАНСКИХ СМИ (TARSPI_NEWS) // ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (TARSPI_NEWS) // НАКАНУНЕ ДНЯ НЕЗАВИСИМОСТИ НАГРАЖДЕНЫ СОТРУДНИКИ ИНСТИТУТА (TARSPI_NEWS) // «ТАРМПИ МЕКТЕПТЕ» АКЦИЯСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // АКЦИЯ «ТАРГПИ – ШКОЛЕ» ПРОДОЛЖИЛАСЬ В БАЙЗАКСКОМ РАЙОНЕ (TARSPI_NEWS) // ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // МЕРОПРИЯТИЕ В ПОДДЕРЖКУ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР ТАРГПИ ВСТРЕТИЛАСЬ СО СТУДЕНТАМИ (TARSPI_NEWS) // ЖАЗУШЫ ЕЛЕН ӘЛІМЖАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // ПРОШЛА ВСТРЕЧА С ПИСАТЕЛЕМ ЕЛЕНОМ АЛИМЖАНОМ (TARSPI_NEWS)



ТАУБАЕВА РАУШАН СЕРІХАНҚЫЗЫ

Факультет деканы


Таубаева Раушан Серихановна  1968 жылы қаңтардың 30-жұлдызында Жамбыл облысы, Меркі ауданына қарасты Меркі ауылында дүниеге келген. 1986 жылы орта мектепті бітірген соң Қазақ мемлекеттік қыздар институтына түсіп, 1992 жылы аты аталған институтты химия және биология мамандығы бойынша үздік бітірген.  Еңбек жолын Жамбыл облысы, Меркі ауданы №1 орта мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарып бастайды. 1998 жылы Жамбыл университетінің "Жаратылыстану пәндері" кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданған. 1998-2004 ж.ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің "Химия" кафедрасында оқытушылық қызметін атқарған. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасына түсіп,  2005 жылы "Химия" мамандығы бойынша үздік бітірген. 2004-2011 ж.ж. аралығында "Химия және ХОӘ"  кафедрасында аға оқытушы, сонымен қатар 2008-2010 ж.ж. аралығында факультеттің методикалық бюроның төрайымы, 2010-2011 ж.ж. аралығында деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Факультетте аға оқытушы қызметін атқара жүріп,біліктілікті көтеру курстары, қабылдау комиссиясы мен методикалық бағдарламалар кешенін жасауда белсенділік танытып, жоғары дәрежеде қызметін атқарған.  2011 жылы аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне доктарантураға түсіп, 2015 жылы "Полифункционалды полимерлердің суда ерігіш каолиннің гидросуспензияларының флокуляциясы" тақырыбында 06D060600-«Химия» мамандығы бойынша доктарантураны қорғап шыққан. ҚР Білім аясындағы Комитеттің №1322 2015 жылдың 9 қазанындағы бұйрығы бойынша философия докторы (PhD)  ғылыми дәрежесі берілген. Республикалық және халықаралық  ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, 30-ға жуық мақала, соның ішінде 2-і  нөлдік импакт-фактор жарық көрген.

Қазіргі таңда ағынды суларды адсорбцио-флокулярлы әдіспен тазалау тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстармен  айналысады.

Байланыс телефоны: +7 701 427 06 95

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support