«ТАРМПИ ҰЖЫМЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЛО МЕРОПРИЯТИЕ НА ТЕМУ «КОЛЛЕКТИВ ТАРГПИ ПРОТИВ КОРРУПЦИИ И НАРКОБИЗНЕСА» (TARSPI_MEDIA) // «ТАРМПИ МЕКТЕПТЕ» АКЦИЯСЫНА 3 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚАТЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // В АКЦИИ «ТАРГПИ – ШКОЛЕ» ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 3 ТЫСЯЧ ШКОЛЬНИКОВ (TARSPI_MEDIA) // ИНСТИТУТ ҰЖЫМЫ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (TARSPI_MEDIA) // КОЛЛЕКТИВ ИНСТИТУТА ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ СТАРШЕГО ПОКОЛЕНИЯ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ (TARSPI_MEDIA) // СБОРНАЯ КОМАНДА ТАРГПИ – ПОБЕДИТЕЛЬ СОРЕВНОВАНИЯ ПО ВОЛЕЙБОЛУ (TARSPI_MEDIA)



27.10.2016 ж. «ДІНИ ФАНАТИЗМНІҢ ҚАУІПТІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Діни фанатизмнің қауіптілігі» тақырыбында семинар кездесу өтті. Оқу орнының Дінтану орталығы мұрындық болған іс-шарада дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, дінаралық татулықтың тетіктері баяндалды.

Жамбыл облыстық ҰҚК Антитеррорлық  орталығының қызметкерлері, Жамбыл облыстық прокуратурасының басшылары, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» мамандары және институттың профессор-оқытушылары мен студенттері қатысқан семинар аясында ауқымды баяндамалар жасалды. Баяндамашылар діндегі радикалды ағымдардың қоғамға қауіп-қатерін, өзге дін өкілдерімен қарым-қатынасты, жалпы дін туралы түсінік пен Ислам дінінің Қазақстанға таралу тарихын толыққанды тарқата сөйледі.

Жамбыл облыстық ҰҚК Антитеррорлық  орталығының қызметкері  Марат Нығметов, Жамбыл облыстық прокуратурасының  бөлім басшысы Бахтияр Шайсламов және ТарМПИ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова бүгінгі жастар арасында дін мәселесінің күрделі проблемаға айналып отырғанын, діни фанатизм мен экстремизм қауіптерімен күресу үшін қоғамда, әсіресе жастар арасында дәстүрлі діни сана қалыптастыру мәселесінің өзекті екендігін ерекше атап өтті.

Ал, ТарМПИ Дінтану орталығының жетекшісі Таңжарық Тұрғанқұлов өз сөзінде Елбасының діни саясатын жүзеге асыру, орта ғасырда қазақ жеріне ислам дінінің таралуы, жастар арасында дәстүрлі діни танымды қалыптастыру және еліміздің әртүрлі аумағында қалыптасқан діни жағдайларға кеңінен тоқталды.

– Қазіргі уақытта еліміздегі дін мәселесінің күн тәртібінде тұруына бір ғана себеп бар. Ол сенім мен танымға байланысты. Сенім Исламда – бір, ол барлық әлемдегі мұсылмандарға ортақ. Яғни, Аллаһ – біреу, Құран – шын, пайғамбар – хаһ. Ал, танымға келсек әрбір мұсылман адам болсын, халық болсын өзінің ұлттық дүниетанымдық көзқарастарымен таниды. Біздің ата-бабаларымыз да осы әдістерді қолданған. Осы дәстүрлі діни таным дегеніміз – бұл қазақ халқының ғасырлар бойы өзінің болмысына сай қалыптастырған рухани құндылық. Оның өзегінде Ислам діні жатыр. Өйткені дін халықтың мәдени, рухани болмысы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалыптастыратын негізгі қайнар көзі. Егер де кез-келген халық өзінің дәстүрлі діни таным мен діни тәжірибе негіздерінен ажырайтын болса, онда ол халық өзінің рухани мәдени болмысынан ажырайды. Дін мен дәстүр үндескенде ғана дін дамып, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі, – деді Т. Тұрғанқұлов.

Жамбыл облысы әкімдігінің  «Дін проблемаларын зерттеу орталығының»  дінтанушы-маманы  Дінмұхаммед Сауырбай қазіргі таңда жастарымыздың жадында дәстүрлі діни сана мен ұлттық идеологияның қалыптасуына, діни таным мен ғылыми таным арасындағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті жаңғыртуына байланысты күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі екендігін атап өтті.

Кездесу барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, толымды жауаптар алынды.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

- Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript


-  vk.com//tarmpi.kz/


- facebook.com/tarmpi.kz/


- instagram.com/tarspi_official/

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support