«Қазақстан тарихы» кафедрасы

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНА АРНАЛҒАН КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ЖАҢАША ОЙЛАЙТЫН ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ӨТІНІШТЕР 20 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ (TARSPI_MEDIA) // АРНАЙЫ ЕМТИХАНДАР 20 МАУСЫМ МЕН 18 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДАМЫТУДА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ РЕКТОРЫ 50 СТУДЕНТКЕ ЭКСПО БИЛЕТТЕРІН ТАРТУ ЕТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА АЛАШТАНУҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA)

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» КАФЕДРАСЫ

Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ

«Қазақстан тарихы» кафедрасы - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Тарих-география факультеті құрамындағы тарихшы-педагог мамандар дайындауда жетекші орын алатын кафедраның бірі.

«Марксизм Ленинизм» кафедрасының тұңғыш меңгерушісі - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Ә. Әділов болды. Кейінгі жылдарда бұл кафедра «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» және «Философия және политэкономика» кафедралары болып екіге бөлінді. Ш.Ә. Әділов «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасының меңгерушісі болып бекітіліп,  кафедраны 1967 жылдан 1978 жылға дейін басқарды.  Ш.Ә. Әділов институтта ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп,  жоғары оқу орындарында тарих сабағын оқытудың көптеген жаңа әдістемелерін енгізді. Мәселен 1972 жылы 28 қарашада Ш.Ә.  Әділов институт Кеңесінде «Оқу үрдісінде техникалық құралдарды қолдану тақырыбында баяндама жасады. Ш.Ә. Әділовтың баяндамасын негізге ала отырып, институт көлемінде оқыту методикасына аса көңіл бөлініп, білім берудің сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілді және институттағы екі дәрісхана киноаппаратуралармен жабдықталды. 1970 ж. Ш.Ә. Әділов жетекшілік жасаған  білімгер М. Кокушеваның баяндамасы пединститутта ұйымдастырылған бірінші студенттік ғылыми конференцияда жоғары бағаланып, республикалық іріктеуге ұсынылып, «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Бұл институт тарихындағы бірінші грамота еді.    Ш.Ә. Әділов басқарған кафедрада алғашқы жылдары  7 оқытушы қызмет етіп (оның 3-і ғылым кандидаты), профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі 42,85 пайызды құраған (1971 жылдары). Кафедра оқытушылары негізінен марксизм-ленинизм ілімінен дәріс беріп, институт көлемінде теориялық және методологиялық семинарлар өткізді. Бұл семинарларға Ш.Ә. Әділов пен К.Е. Хон жетекшілік жасады. 1970-80 жылдар аралығында кафедра оқытушылары ғылыми деңгейін көтеру бағытында үнемі ізденісте болды. Мысалы: Б.Садықов, Ж.С. Жайсанбаев, Т.О. Омаров кандидаттық диссертация тақырыптары бойынша және Ш.Ә. Әділов, Ю.П. Киселев, Р.М.Мылтықбаевтар докторлық диссертация жұмыстары көлемінде ғылыми ізденіс жүргізді. «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасы ұжымы «КПСС ОК мен ССР Министрлер Кеңесінің: 1978-1979 жылдардағы ЖОО-ң жүйесі мен мамандар дайындау» ісін дамытуға бағытталған қаулысын басшылыққа ала отырып,  ғылыми бағытта көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді, кафедра мүшелерінің көпшілігі  біліктілікті көтеру институтынан өтті. 1978 жылдары кафедраның барлық оқытушылары ғылым кандидаттары болып, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі «рекордты көрсеткіш» 100 пайызды құрады. 1979-1981 жылдары  «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты  О.К.  Жылысбаев басқарды.1980 жылдары «КПСС тарихы мен ғылыми коммунизм» кафедрасының ұжымы «Жамбыл облысының партия ұйымы тарихының очерктері»  тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1982-1987 жылдары «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Ш. Аманов басқарды

Осы жылдары кафедрада доценттер: Адилов Шабден Адилович, Киселев Юрий Павлович, Мылтықбаев Рымбек, Омаров Таласбек Омарович, Полякова Вера Терентьевна; аға оқытушылар: Сарсенбаев Юсуп Қасымович, Сламбеков Зарикбек; оқытушылар: Байлыбеков Рахметолла, Қожамжарова Дариягүл Пернешовна жұмыс жасады.

Қазақстанның Ресейге қосылуының 250-жылдығына және КСРО құрылуының 60-жылдығына арнап доцент Р.М. Мылтықбаев «От Тараза  до Джамбула» мақаласын «Білім және енбек» журналында (1982, № 7) жариялады. Бұл мақалада Ленинград университетінің профессоры археолог А.И. Бернштамның біздің қаламыздың тарихына қатысты қызықты зерттеулері туралы мәліметтер келтірілді. «Білім және енбек» журналы редакциясының шешімімен доцент Р.М. Мылтыкбаевқа 1982 жылғы журнал лауреаты атағы берілді.

1982 ж. наурыз айында институтта студенттік құрылыс отрядтары ұйымдастырылып, комсомол Обкомы бюросының райштаб мүшелері анықталды. Райштаб командирі - КПСС тарихы және ғылыми комунизм кафедрасының оқытушысы А.Б. Абдуалиев, ТҚ қауіпсіздігі инженері - оқытушы  З.С. Сламбеков болып бекітілді.

1987-88 оқу жылы Ш.А. Адилов, 1988-89 оқу жылы М.Д. Бондарь кафедра меңгерушілігі қызметін атқарды.

МИССИЯСЫ

Кафедраның миссиясы 5В011400 - Тарих  мамандықтары бойынша тарих бакалаврын  дайындау. Кәсіби қызмет нысаны: Маман-тарихшының кәсіби қызмет нысаны жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, оқу құралдарын шығаратын баспалар, білім департаменттері, тарих пәні мұғалімдерінің білімін жетілдіру институттары, мұрағат және мұражай қызметкерлері, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мекемелері.

 

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Кафедра меңгерушісі т. ғ. к., Ә.Қ. Шашаев. Кафедрада 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы және 1 оқытушы 3 ассистент қызмет етеді. Кафедраның профессор –оқытушылар құрамы: институт ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.П. Қожамжарова, тарих ғылымдарының докторы, профессор У.Х.Шалекенов; тарих ғылымдарының кандидаттары – Б.А. Жүрсінбаев, Ә.Қ. Шашаев, З.С. Тоқбергенова, В.Т. Полякова, Ж. Исахметұлы, Б.О. Мырзабеков; аға оқытушылар - Б.Т. Қозыкеева,  Г.Т. Төлегенова, Е.Т. Байболов; оқытушы-магистр  М.А. Даутбаев; ассистенттер С.А. Мержанов, Г.Л. Жүнтаева, Т.Ю. Юсупджанов және кафедра лаборанты А.А. Қалдыбекова.

Қазіргі таңда «Қазақстан тарихы» кафедрасының   профессор-оқытушылар құрамы оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзу және тиiмдi пайдалану, сонымен қатар,  ұлттық  және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiптiк шыңдауға бағытталған сапалы тарихшы  мамандар даярлау үшін білім беру жолында қызмет етуде. Кафедрада 2012 жылдан «Академиялық ұтқырлық» аясында Қазақстан мен шет елдердің жетекші ЖОО-ында бірқатар білімгерлеріміз білім алуда. Қазақстан Республикасы бойынша: Бегалиева Акерке, Акпан Жамал Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, Данияров Газиз Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында, Ескермесова Айгерим І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде. Шет елде оқығандар: Исаев Тайыр, Турдиев Нуржан Камбарович, Карабатырова Айгерим Амырбековна, Мутали Улбике, Байжулова Айдана, Нурсейтова Маржан Лодзь университеті (Польша, Лодзь қ.). ПОҚ құрамы ұдайы өз біліктіліктерін арттыру мақсатында 2013 жылдың қазан айында Е.Т. Байболов, 2014 жылдың қараша айында Г.Т. Төлегенова Алматы қаласының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында 240 сағат біліктілігін арттыру сертификатын иеленді.  2014-2015 оқу жылында Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ-де өткен 5В011400 - «Тарих» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиадада «Тараз тарландары» командасы республикадағы ЖОО-ң арасында 26 команданың ішінен топ жарып 1-ші орынды иеленді. Команда құрамындағы білімгерлер: Хожа-Ахмедов Асылбек, Лаубай Тоғжан, Тойжігіт Бағлан, Исмагулов Дастан ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Исахметұлы Ж. Ғылыми бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда: ҚР ҰҒА академигіт т.ғд., профессор Д.П. Қожамжарованың «Қазақ хандығы»,  т.ғ.к., доцент О.М. Қоңыратбаевтың «Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметінің күндерегі (1894-1919 жылдар). (Биохроникалық зерттеу)», т.ғ.д., У.Х. Шәлекеновтың «Ежелгі Орталық Азиядағы мемлекеттер мен империялар», т.ғ.к., доцент Ә.К. Шашаевтың «Түркістан өлкесіндегі империялық-полицейлік қадағалаудың тарихы (1867-1917 жж.)» монографиялары және ҚР ҰҒА академигіт т.ғд., профессор Д.П. Қожамжарованың басшылығымен, кафедра ұжымының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнап, Қазақ хандығының Энциклопедиясы жарыққа шықты.

 

ШАШАЕВ ӘУЕЗХАН ҚАДЫРЖАНҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі


2015 жылдың 20 қазан айынан бастап «Қазақстан тарихы» кафедрасының  меңгерушілігіне тарих ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы Әуезхан Кәдіржанұлы Шашаев тағайындалды.

Әуезхан Қадіржанұлы Шашаев аталған институттың «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты. 1958 жылдың  22 тамызында Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген селосында дүниеге келген. ҚазМУ- дың тарих факультетін бітірген (1988 ж). Оқу бітірген соң мектепте, одан кейін ҚР ҒА Тарих, археология және этнография институтында, кіші ғылыми қызметкер, кейіннен отряд бастығы қызметтерін атқарып, Отырар, Түркістан, Шавгар археологиялық экспедициясының қазба жұмыстарына қатысып, жетекшілік еткен.1992 жылдан 2002 жылға дейін ҚазМУ-дың (Әл-Фараби атындағы), тарих факультетінің «Ежелгі дүние мен орта ғасырлар» тарихы кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарған.

2002 жылы ҚР БҒМ Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына қызметке қабылданды. 2004 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы полицейлік қадағалау жүйесі: құрылуы мен қызметінің тарихы (1867-1917 жж.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.

2015 жылдың 20-шы қазанынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі қызметіне қабылданып жұмыс істеп жатыр.

Байланыс телефоны: +7 777 237 96 93


Оқу бағдарламасы (көшіріп алу)

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support