Мероприятия по борьбе с коррупцией

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

В ТАРГПИ ИЗДАНА КНИГА О НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ПОДРАСТАЕТ ПО-НОВОМУ МЫСЛЯЩЕЕ ПОКОЛЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ЗАЯВЛЕНИЯ НА ТВОРЧЕСКИЕ ЭКЗАМЕНЫ ПРИНИМАЮТСЯ С 20 ИЮНЯ (TARSPI_MEDIA) // СПЕЦИАЛЬНЫЕ ЭКЗАМЕНЫ БУДУТ СДАВАТЬСЯ С 20 ИЮНЯ ПО 18 АВГУСТА (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ РАЗВИВАЮТ НАЦИОНАЛЬНОЕ ПРИКЛАДНОЕ ИСКУССТВО (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ПОДАРИЛА 50 СТУДЕНТАМ БИЛЕТЫ НА ЭКСПО (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ИЗДАНЫ КНИГИ, ПОСВЯЩЕННЫЕ АЛАШТАНУ (TARSPI_MEDIA)

Мероприятия по борьбе с коррупцией

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жемқорлыққа қарсы жиын өтті. «Дөңгелек үстел» форматындағы іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Еркебаев қатысты.

Жиынды ТарМПИ Идеология және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Оңғар Сәлімбаев ашып, жүргізіп отырды. Ол оқу орнының тәртібі мен ережесі туралы, ҚР Қылмыстық Кодексімен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңмен, жеке және заңды тұлғалардың өтініш-арыздарын қарау тәртібімен қысқаша таныстырып өтіп, студенттерге сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық орын алған жағдайда қандай жауапқа тартылатындығы жөнінде баяндады.

Ал, агенттік өкілі: «Қазақстан Республикасы 2015-2025 жж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы аясында қарсы әрекет ету, алдын алу және болдырмау – еліміздегі маңызды мәселесі болып табылады. Сол себептен сыбайлас жемқорлыққа әркім мүмкіндігінше тосқауыл қойып, жастарды жарқын да, даңғыл жолға түсіру қажет. Сонда ғана ұлт үмітін ақтап, Қазақстанның «Мәңгілік ел» болуына қомақты үлес қоса аламыз» деді.

Қоғамымызда белең алып бара жатқан жемқорлыққа жол бермеу, пара алу, пара беру, ақшамен сессия жабу, оқуға түсірем деп өтірік айтып, алаяқтардың іс-әрекетіне ұрынып қалу жағдайлары дөңгелек үстелдің негізгі әңгіме арқауы болды.

2014-2015 жж. оқу жылында жемқорлықпен күресу стратегиясына орай институтта «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында парамен күрес сауалнамалары, «Таза сессия!», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Парасыз сессия!» сынды түрлі акциялар өткізілді.

Қазіргі таңда институттың оқу үдерісіне автоматтандырылған «Platonus» жүйесі енгізілді. Бұл бағдарлама оқытушыларға да, студенттер мен ата-аналарға да өте тиімді. Студенттердің ата-аналары да, кураторлары да студент үлгерімін қажет уақытында біліп отырады, сабақ үлгерімін қадағалай алады. Электронды құжат айналымы біріншіден, студенттердің уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік берсе, екіншіден жемқорлықпен күресуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Жиын соңында студенттер тақырып аясында көкейінде жүрген сауалдарын қойып, арнайы бейне роликтерді тамашалады.

* * *

9 желтоқсан күні бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен жарияланған Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтеді. Атаулы күн қарсаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, құқық қорғау және сот органдарының басшылары, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық  хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова, ТарМПИ-дің ректоры Дария Қожамжарова, үкіметтік емес ұйымдарының, жастар, этномәдени және діни бірлестіктерінің, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облысы бойынша МҚІжСЖҚІД басшысы М. Қожабаев өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның жұмысы ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталғандығын атап өтті.

«Біз жұмысымызда тұрғындармен, мемлекеттік, құқық қорғау  органдардың қызметкерлерімен, қоғамдық, діни және этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулер, әңгімелесулер арқылы азаматтардың сана сезімін өзгертуге, бойындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыруға ерекше мән береміз» - деді ол.

Сонымен қатар, Мақсат Аманқұлұлының баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Тәртіптік кеңес жұмысының корытындысы айтылып өтті.

Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның алдын алу бойынша бірлесіп өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ТарМПИ-дің ректоры Дария Қожамжарова да қысқаша тоқталып өтті.

«Бүгінгі күні әрбір жастың, әрбір индивидтің, әрбір қоғам мүшесінің азаматтық позициясын адам бойына мінезімен, тәрбиесімен, оқу үрдісімен бірге қалыптастыру, оны дағдыға айналдыруда оқу орындарының ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен  бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру негізгі мақсат болып отыр», - деді өз сөзінде Дария Пернешқызы.

Шара соңында сыбайлас жемқорлықпен күресуде ашықтықты қамтамасыз етіп, белсенділік танытқан республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Төрағасы Қайрат Қожамжаровтың алғыс хаттары тапсырылды.

Сондай-ақ, өңірімізде тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп орнатып, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруына үлес қосқандары үшін бірқатар азаматтарына департамент басшылығының Алғыс хаты тапсырылды.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support