«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН-АЛУ» ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН-АЛУ» ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қылмыстың алдын алу» жөніндегі жұмыстардың орындалуы туралы

Е С Е Б І

- 21.05.2015 ж. күні Тараз мемлекеттік педагогикалық институты №2 оқу ғимаратының «Акт» залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – білім беру сапасына кері әсер етуші фактор» тақырыбында ғылыми-практикалық конференфиясын өткізді.

Конференцияға арнайы баяндамашылар қатысты:

-   Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Н. Манжуов;

-   Жамбыл облысының прокуроры Е.М. Сыбанқұлв;

-   ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.А. Қожабаев;

-   Жамбыл облыстық Ішкі істер Департаментінің басшысы А.С. Тынысбеков;

-   «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ә. Берік;

-   «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қ.Е. Төлендиев;

-   Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры т.ғ.д., профессор Д.П. Қожамжарова;

-   М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры п.ғ.д., профессор М.Н. Сарыбеков;

-   Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры ф.ғ.д., профессор Е.Б. Саурықов

-   Облыс әкімдігінің басқарма басшылары, орта арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылық құрамы қатысты.

- 15.10.2015 ж. күні студенттер жатақханасы «Бәйтерек» клубына ректордың тәртіп бойынша көмекшісі Копбаев А.Д. және Идеологиялық жұмыс және қоғаммен байланыс департамент басшысы Сәлімбаев О.С. «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізді.

- 16.10.2015 ж. ТарМПИ-ның 1-203 (конференция залында) Республикадағы мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық денгейін республикада төмендету мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Отырысқа арнайы:

-  «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қ.Е. Төлендиев дөңгелек үстелді ашып берді;

- «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Төрағасының орынбасары, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының сарапшысы Н.Ж. Баймырзаев «Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін республикада төмендету мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды;

- «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Т. Тлеумұрат;

- ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының  орынбасары Р. Әмірғалиұлы;

- Облыс прокурорының аға көмекшісі Ғ.К. Абдрахманов;

- Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімінің бас инспекторы А.Ұ. Оразбаев жарыс сөздермен қатысты.

- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы Идеологиялық жұмыс және қоғаммен байланыс департамент басшысы О.Сәлімбаев баяндама оқыды.

Дөңгелек үстелде жемқорлықты азайтудың механизмдерімен жолдары талқыланып, сапалы мемлекеттік қызмет алу процедураларын жетілдіру жөнінде ұсыныстары қабылданды.

- 19.10.2015 ж. «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында облыстық, қалалық жарыстарға қатысу үшін плакаттар дайындау туралы «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының меңгерушісі М.Усуповқа тапсырма берілді.

- 26.10.2015 ж. – 02.11.2015 ж. аралығында институттың «Ар-намыс» кодексімен барлық профессор-оқытушылар танысып, ант қабылдады.

- 28.10.2015 ж.  күні 1-203 (конференция залында) «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында» тақырыбында көзделген нәтижелерге қол жеткізу мақсатында қоғамның барлық салаларында сауаттандыру және профилактикалық жұмыстар жүргізу мәселесі бойынша: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлы оқытушылар мен студенттер арасында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

- 03.11.2015 ж. 2 оқу ғимараты «Акт» залында «Тарих және әлеуметтік педагогика» және «Филология»  факультеттерінің белсенді студенттері «Ар-намыс» кодексімен танысып, ант қабылдады. Қонаққа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлы қатысты.

- 03.11.2015 ж. – 10.11.2015 ж. аралығында институттың «Ар-намыс» кодексімен белсенді студенттер танысып, ант қабылдады. Атап айтсақ, «Физика – математика», «Химия – биология», «Өнер және мәдениет», «Педагогика» факультеттері 5 оқу ғимараты 111 аудиториясында ант қабылдады.

- 11.11.2015 ж. – 17.11.2015 ж. аралығында факультеттердің барлық академиялық топ студенттерімен «Ар-намыс» кодексімен танысып, ант қабылдады.

- 16.11.2015 ж. – 30.04.2016 ж. аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы «Үздіктердің үздігі» жобасын өткізеді.  Аталған жоба облыс аумағындағы жоғары оқу орындарының арасында ұйымдастырылып, Тараз қаласынан 3 жоғары оқу орындары қатысады. Атап айтсақ, ТарМПИ, ТарМУ, ТИГУ.

- 18.11.2015 ж. Заңгер Нұрматов Б.Н. факультеттерге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңың түсіндірді.

- 18.11.2015 ж. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда жастардың және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерінің ролі» тақырыбында өтетін бейне конференция өткізді. Осыған орай біздің ұжымнан 10 қызметкер қатысты.

- 18.11.2015 ж. – 20.11.2015 ж. аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жастар арасында насихаттау» мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының № 6 оқу ғимараты Спорт кешенінде «Студенттік Ректор» ауыспалы кубогына арналған студенттер арасында факультетаралық спартакиадасы өткізілді.Спартакиадаға барлығы 70-ке жуық жастар қатысты.

18 қараша «Кіші футбол» спорт түрінен;

19 қараша «Баскетбол», «үстел теннисі», «қол күрес» спорт түрінен;

20 қараша «Волейбол» спорт түрінен болып өтті. Арнайы жабылу салтанаты мен қатысушыларды марапаттау рәсімін Идеологиялық жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің басшысы О.Сәлімбаев қатысушыларды дипломдармен марапаттады.

- 08.12.2015 ж. күні «9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес» күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы ұйымдастыруымен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 1-203 (конференция залында) «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Баяндамашылар:

-    Облыс әкімі К.Көкірекбаев;

-    ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.А. Қожабаев;

-    «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.А. Берік;

-    Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Лысова;

-    Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры т.ғ.д., профессор Д.П. Қожамжарова баяндама жасады.

09.12.2015 ж. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында республикалық телекөпір өткізді.

Телекөпірге 6 ғылыми қызметкерлер қатысты:

- Идеологиялық жұмыс және қоғаммен байланыс департаменті басшысы Сәлімбаев Оңғарбай Сәлімбайұлы;

- «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Р. Мырзаханов;

- «Филология» факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Б.Торекеев;

- «Педагогика» факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Д. Қожахметов;

- «Физика-математика» факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары А. Сембиева;

- «Химия-биология» факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Ж. Дюсенбаева қатысты.

11.12.2015 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мәжіліс залына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

Отырысқа:

- Идеологиялық жұмыс және қоғаммен байланыс департамент басшысы О.Сәлімбаев баяндама оқыды. Жемқорлықты азайтудың механизмдерімен жолдары жөнінде талқылады.

- Әлеуметтік-мәдени дамыту бөлімінің басшысы Қ.Өскембаева;

- Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Б.Ускенбаев және 10 белсенді студенттер қатысты.

13.01.2016 ж. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысына О.Салимбаев ой-пікірмен бөлісуге қатысты.

20.01.2016 ж. «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында облыстық, қалалық жарыстарға қатысу үшін плакаттар дайындау туралы (қабырға газеттері, фото суреттер, көрмелер ұйымдастыру) байқауға қатысу.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support