• KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА 1130 ОҚУШЫ ҰБТ ТАПСЫРАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА КІТАП ОҚУДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ ЖЫЛЫЖАЙЫНДА ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ӨСІРІЛУДЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫ БОЛУЫМЕН ТАРАЗДА «ЖАСЫЛ МАРАФОН» АТТЫ ЖАППАЙ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA)

Үштілді білім беруді дамыту бөлімінің басшылығы

НАЗАРБЕКОВА АЛУА АХМЕДИАРҚЫЗЫ

Бөлім басшысы

1982 жылы 04 қыркүйекте Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. 1988-1999 ж.ж.  Қаратау қаласындағы мектеп-лицейде оқыған. 1999–2004 жж.  М.Х.Дулати  атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Әлем тілдері факультетінде» Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алып, аталған оқу орнын үздік дипломмен  аяқтаған.  2008- 2010жж.  Тараз инновациялық гуманитарлық университеті магистратура бөлімінде білімін шыңдаған. Қазақ тілі мен әдебиеті магистрі. Еңбек жолы 2006 жылы А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институты, оқу- әдістемелік бөлімінің әдіскері қызметінен басталды. 2010 – 2011жж.- Жалпы бөлім (кадр жұмысы бойынша) инспекторы, 10.03.-31.05.2011ж.-Студенттік жұмыстар бойынша инспектор, 01.06.- 27.09.2011ж.- Тараз инновациялық гуманитарлық университеті, Жалпы бөлім инспекторы (кадр жұмысы бойынша),  2011-2012жж. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Ұйымдастыру кадрлар және құқықтық жұмыстар басқармасының біліктілігі жоғары, жоғары санатты инспекторы, 02.04.2012ж.-04.09.2015жж.- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Ұйымдастыру кадрлар және құқықтық  жұмыстар басқармасының кеңсе меңгерушісі, 04.09.2015 жылдан бастап Үштілді білім беруді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

Назарбекова А.А. қоғадық іс-шараларға белсене араласады. Көптеген семинарларға қатысып, біліктілігін көтерген. Сонымен қатар, бірнеше алғыс хаттармен марапатталған. Жұмыс барысында ұқыпты, жауапты, талғампаз, талап қойғыш, белсенді маман. Алға қойған міндеттерін шығармашылық көзқараспен орындайды.

Тұрмыс құрған. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеуде.

 

НҰРМАТОВА ДИАНА БЕКАХМЕТҚЫЗЫ

Бөлім инспекторы

Нурматова Диана Бекахметқызы 1985 жылы 03 желтоқсанда  Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында дүниеге келген. 1992-2003 ж.ж.  Тараз қаласындағы №13 А.М.Горький атындағы мектепте оқыған. 2003–2007 жж.  Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында,   «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шығып, аталған оқу орнын дипломмен  аяқтаған.  2007 – 2009 жж.  Астана қаласыңдағы Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінде, «Құжат бақылау» департментте, хатшының қызметін атқарды.  2009-2011 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша құқытану бакалавр академиялық дәрежесі берілді.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support