• KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА 1130 ОҚУШЫ ҰБТ ТАПСЫРАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА КІТАП ОҚУДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ ЖЫЛЫЖАЙЫНДА ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ӨСІРІЛУДЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫ БОЛУЫМЕН ТАРАЗДА «ЖАСЫЛ МАРАФОН» АТТЫ ЖАППАЙ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA)

Үштілді білім беруді дамыту бөлімі

ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ


Елімізде үш тілді білім беру өзекті мәселеге айналып, бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі болып табылады. Бірнеше тілді меңгерген, бәсекеге қабілетті маман дайындау міндеті қойылған. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 2013-2014  оқу жылынан бастап  3 мамандық бойынша,  2014-2015 оқу жылында 4 мамандық бойынша үштілді білім беру жүзеге асырылып келеді. Үштілді білім беру бағдарламасы аясында оқу үрдісін ұйымдастыру, сапасын қадағалау жұмыстарын Үштілді білім беруді дамыту бөлімі атқарады.

Бөлім мақсаты - Көпұлтты және көп мәдениетті кеңістікте өзін-өзі қалыптастыруға бейім және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген тілдік ортаны құру.

 

Бөлімнің басты міндеттері:

- үш тілді маман дайындау;

-педагог мамандығының беделін көтеру;

- әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу;

-үш тілді білім беру сапасын арттыру;

- ғылыми-әдістемелік, кадрлық,материалды-техникалық қамтамасызандыруды жаңарту және дамыту;

-профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін жүйелі түрде арттыру;

-үш тілді маман дайындауда және негізгі пәндерді оқытуда НЗМ, үш тілде білім беретін жоғары оқу орындарымен және мектептермен тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастықты нығайту;

- озық педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытудың әдістемесін үздіксіз жетілдіру;

- студенттердің адамгершілік, патриоттық, интелектуалдық қасиеттерін дамытып, тәрбиелейтін іс-шараларды ұйымдастыру.

 

Бөлімнің негізгі функциялары:

-  Үш тілді білім алатын академиялық топтарды біртіндеп жасақтау;

-  Профессор-оқытушы құрамы мен білім алушылардың үш тілді тең дәрежеде меңгеру қабілеті мен дағдыларын жетілдіру;

-  оқу үрдісін үштілді білікті мамандармен қамтамасыздандыру бойынша жыл сайын мониторинг жүргізу;

-  үш тілді арнайы топтарда дәріс жүргізетін оқытушылар мен білім алушыларға  тілді тереңдеп оқытатын курстар ұйымдастыру;

-  кітапхана қорын электрондық және әдеби базалармен, сондай-ақ мультимедиалық материалдармен толықтыру;

-  арнайы топтарда жүргізетін пәндік оқу-әдістемелік кешендер, арнайы топ студенттеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуді ұйымдастыру;

-  оқу үрдісіне шетел ғалымдарын тарту, үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша арнайы топтарда дәріс оқитын профессорларды шақырту;

-  арнайы топ студенттері мен ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

 

Мекен-жайы: Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би даңғылы, 68, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Үштілді білім беруді дамыту бөлімі.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support