ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ МЕН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫЛСЯ «ЦЕНТР КОРРЕКЦИОННОЙ ПОДДЕРЖКИ РЕЧЕВОГО РАЗВИТИЯ ДЕТЕЙ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (TARSPI_MEDIA) // ОТКРЫТ ЦЕНТР «САМОПОЗНАНИЕ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ МЕН НЗМ ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРГПИ И НИШ УСТАНОВИЛИ ВЗАИМОСОГЛАШЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // УЧАЩИЕСЯ ШКОЛ ПОЗНАКОМИЛИСЬ С СОВРЕМЕННЫМИ ЛАБОРАТОРНЫМИ РАБОТАМИ (TARSPI_MEDIA)

БИЖІГІТОВ ТЕМІРХАН БИЖІГІТҰЛЫ

Факультет деканы


Т. Бижігітов  білім мен ғылымда өзінің ізін қалдырған ұлағатты ұстаз және ғалым. Оның жоғары қысым және төменгі температура физикасы бағытында бұрын белгісіз болған келесі іргелі нәтижелерді алды:

- тәжірибе жүзінде бұрын белгісіз болған жоғары қысымдағы және төменгі температурадағы мұздың Р-Т координатасындағы диаграммасын алғаш рет тұрғызды.

- зерттеу барысында мұздың ХІІ түрін ашып, оның серпімділік қасиеттерінің қысымға және температураға тәуелділіктерін анықтады.

- төменгі температурадағы және жоғары қысымдағы мұздың Р-Т координатасындағы диаграммасында белгісіз болған үш үштік нүктенің координаталарын тапты.

- мұз түрлерінің төменгі температура мен жоғары қысымдағы фазалық бірінші текті өту кезіндегі термодинамикалық функцияларының өзгерістерін есептеді.

- фазалық диаграммадағы барлық мұз түрлерінің серпімділік қасиеттерін және олардың қысыммен температураға тәуелділік графиктерін тұрғызды.

Осы бағытта екі монографиясы баспадан шықты:

1. Судың және мұз түрлерінің физикалық қасиеттері„ Алматы: Экономика.2013.-124 бет.

2. Жоғары қысым және төменгі температура физикасы„ Алматы, Экономика. 2013.-167 бет.

Т.Бижігітов тың 100 ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектері бар. Оның 10-нан астамы шет елдердің журналдарында басылып шыққан. Көптеген жылдар бойы білімгерлер мен магистранттарға арнайы курстардан инновациялық технология әдістерін пайдаланып Статистикалық физика және термодинамика, Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы, Математикалық физика теңдеулері, Математикалық физика әдістері, Жалпы физика курстары пәндерінен лекциялар оқыды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітуімен ЖОО физика-математика, химия, биология және техникалық мамандықтарда оқитын білімгерлерге арнап бүгінгі күннің талабына сай оқытудың кредиттік технологисына негізделіп жазылған теориялық физика курстары мен физикадан төмендегі оқулықтары баспадан шықты:

1.Статистикалық физика және физикалық кинетика негіздері. Алматы, «Дәуір» 2011.

2.Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы, Алматы, «Дәуір» 2012.

3.Математикалық физика әдістері, Алматы, «Дәуір» 2012.

4.Жалпы физика курсы, Алматы, «Экономика» 2013.

5. Теориялық физика әдістері, Алматы, «Экономика» 2015.

6. Молекулалық физика, Алматы, «Экономика» 2015.

Бүгінгі күні Т.Бижігітов тың Жамбыл облысы мен Тараз қаласында өзіндік физикалық ғылыми мектебі толық қалыптасқан. 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл өңірінде өтетін мектеп оқушыларының физика пәнінен облыстық олимпиадасының және физика, техника және космос бағыттары бойынша өтетін ғылыми жоба комиссиясының төрағасы қызметін нәтижелі атқаруда. Республикалық және Халықаралық деңгейлерде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобаларда оқушылары жүлделі орындар иеленгендері үшін облыстық оқу департаменті Т.Бижігітов ты «Эрудит» және «Білім шырағы» дипломдарымен марапаттаған. Жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және ЖОО оқулықтар жазудағы көп жылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы қола және күміс төсбелгілерімен марапатталған.

Ғалым-ұстаздың осы өнегелі ғылыми жолы ауыл жастарына, болашақ жас ғалымдарға, білімгерлер мен магистранттарға білім және ғылым жолында нәтижелі еңбек етудің нағыз үлгісі болады деп сенеміз.Бүгінде Темірхан Бижігітов еліміздің білім мен ғылым саласының өркендеуіне және жастарды тәрбиелеуде елеулі үлес қосуда. Оның көпжылдық ұстаздық қызметі мен ғылыми жетістіктерін ескере отырып, 2014 жылы «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медальмен марапатталды.Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі жариялаған «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2014» атты байқауының жеңімпазы.

Байланыс телефоны: +7 (7262)-52-67-84

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support