Научная библиотека

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

В ТАРГПИ ИЗДАНА КНИГА О НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ПОДРАСТАЕТ ПО-НОВОМУ МЫСЛЯЩЕЕ ПОКОЛЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ЗАЯВЛЕНИЯ НА ТВОРЧЕСКИЕ ЭКЗАМЕНЫ ПРИНИМАЮТСЯ С 20 ИЮНЯ (TARSPI_MEDIA) // СПЕЦИАЛЬНЫЕ ЭКЗАМЕНЫ БУДУТ СДАВАТЬСЯ С 20 ИЮНЯ ПО 18 АВГУСТА (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ РАЗВИВАЮТ НАЦИОНАЛЬНОЕ ПРИКЛАДНОЕ ИСКУССТВО (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ПОДАРИЛА 50 СТУДЕНТАМ БИЛЕТЫ НА ЭКСПО (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ИЗДАНЫ КНИГИ, ПОСВЯЩЕННЫЕ АЛАШТАНУ (TARSPI_MEDIA)

Научная библиотека

ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы,16 А,  (№ 6 оқу ғимараты), 1 қабат.

ТАРИХЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасы – жаңа тұрпатты мұғалім дайындау бағытында оқырманның ақпараттық қажеттілігіне сәйкес кітапханада бар қормен пайдалануына мүмкіндік беретін, толық әрі ұтырлы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсететін құрылым.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты кітапханасының тарихы 1967 жылдың күзінен басталады. Қазақ ССР білім министрлігінің және оқу орнынының  бастамасы бойынша басқа  кітапханалардан түскен дублетті 12 мың дана әдебиеттермен жинақталған, 20 орынды оқу залы мен абонемент бөлімінен құрылды. 1998  жылдың наурыз айында 3 институттардың бірігуінің нәтижесінде М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ғылыми кітапханасы болып қызметін жалғастырса, 2004 жылдың сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 4 оқу ғимаратында орналасқан, 6 қызмет көрсету пункттерінен тұратын, 343 мыңнан аса оқулықтар, ғылыми, көркем әдебиеттермен қатар, монографиялар, ғылыми еңбектер мен мерзімді басылымдармен жабдықталған, әмбебап мазмұнды қоры бар ғылыми кітапхана болып ұйымдастырылды.

Бүгінгі күнге ғылыми кітапхана 7 оқу ғимаратында орналасқан, оқырмандарға 2 абонемент, 5-оқу залы, 3- электронды оқу залы, мерзімді басылымдар залы, ғылыми қор, кафедралық кітапханалар («Орыс филологиясы» ресурс орталығы, «Шетел тілдері» ресурс орталығы, Оқу- әдістемелік басқарма, «Қытай тілі» ресурс орталығы,   «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі» кафедрасы,  «Дінтану» орталығы, «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету орталығы) қызмет көрсетуде.

Жалпы алаң көлемі 1464 ш.м., кітап қорын сақтау көлемі- 721ш.м. құрайды, оқу залдарындағы орындықтар саны – 506, қызмет көрсету пунктері - 19, құрылымында 4 сектор бар, арнайы білімді білікті 36 кітапханашы қызмет көрсетеді, оның 14 кітапханашысы 30 сертификат иегері.

Бүгінгі күнге ТарМПИ ғылыми кітапхананың жалпы ақпараттық ресурстар қорында 562 мыңға жуық құжаттар жинақталған, оның кітап қоры – 322 мың дана, мерзімді басылымдар қоры – 159 мың дана, электронды ресурстар қоры- 76994 құжатты құрайды. 5000-ға жуық оқырманы бар ғылыми кітапхана жылына 20 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетіп, 700 мыңнан аса дана кітаптар мен мерзімді басылымдарды қолға береді. Жалпы кітапханаға жылына 390 мыңға жуық оқырман келеді.

МИССИЯСЫ

ТарМПИ ғылыми кітапханасының миссиясы – жоғары білікті маман – жаңа тұрпатты мұғалім дайындауда оқырмандардың білім алуы мен ғылыми ізденуін кәсіби қажеттіктеріне сәйкес ақпараттық қамсыздандыру, кітапхананың өзіндік, отандық және әлемдік ғылыми-білім беру ақпараттық ресурстарын онлайн режимде пайдалануына мүмкіндік жасау, жаңа және дәстүрлі технологияларды жетілдіре отыра толық әрі сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету.  2014-2016  жылдары ТарМПИ ғылыми кітапхана дамуының негізгі бағыттары:

-   институттағы білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес құжаттар қорын қалыптастыру, құрамы мен көлемін нормативтік талаптарға сәйкестендіру, қордың сақталуын қамтамасыз ету;

-   кітапхананың инфрақұрылымын дамыту, пайдаланушыларға қолайлы кітапханалық кеңістікті ұйымдастыру;

-   жаңа технологияларды қолдану негізінде электронды кітапхананы жетілдіру;

-   кітапхананың инновациялық дамуында  технологиялық бағыттарын жетілдіру;

-   ақпараттық-кітапханалық қызмет түрлерін модернизациялау және жаңа қызметтерді енгізу арқылы сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

-   кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыруда маркетингтік жұмыс жүргізу;

-   серіктестік байланысты нығайта отыра корпоративтік қызметті жетілдіру;

-   кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін үнемі жетілдіру;

-   студенттердің жалпықазақстандық мәдениетін дамытуға, бәсекеге қабілетті рухани мәдени ментальдігін қалыптастыруға ат-салысу.

 

2014-2015 оқу жылында ТарМПИ Ғылыми кітапханасы оқырмандарының ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттары мен институттың 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясына, кітапхана қағидасы мен жұмыс жоспарына сәйкес мынадай бағытта жұмыс жүргізді:

І.  ОҚЫРМАНДАРҒА   ҚЫЗМЕТ   КӨРСЕТУДІ   ҰЙЫМДАСТЫРУ

ІІ. КІТАП ҚОРЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУ  ЖӘНЕ  САҚТАУ

ІIІ. АНЫҚТАМАЛЫҚ - БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

ІҮ. КІТАПХАНА ҮРДІСТЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ

Ү.  КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ҮІ. ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ЖҮРГІЗУ

Негізгі атқарылатын қызметтеріне сәйкес кітапхана:

-  сапа менеджменті жүйесін кітапхана қызметіне енгізу арқылы оқырмандар талаптарын үнемі анықтап, сұраныстарын қанағаттандырды;

-  жаңа және дәстүрлі технологияларды жетілдіру негізінде студенттер, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің білім алуы мен ғылыми ізденуін ақпараттық қамсыздандыру және кітапхана қорын толық пайдалануына қолайлы жағдай жасалды;

-  институт профилі мен пайдаланушылардың ақпарат қажеттіліктеріне сәйкес құжаттар қоры түзіліп, дәстүрлі және электронды тасымалдағыштарда мемлекеттік және басқа тілдерде жинақталды, сақталуы қамтамасыз етілді;

-  анықтамалық-іздестіру аппараты дәстүрлі және электронды түрде жүргізілді, пайдаланылуы мен сақталынуы қамтамасыз етілді;

-  ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда ТарМПИ Электронды кітапхана мен веб-порталы білім беру ақпарат ресурстарымен толықтырылды, электронды қызмет сервистері жетілдірілді;

-  ашық қолжетімді ақпараттық электронды ресурстарды жасау және ұсыну, ауқымын кеңейту мен жылдамдатудың тиімді жолдарын енгізу жұмыстары жүргізілді;

-  ТарМПИ профессор-оқытушылары мен білімгерлердің ақпараттық сауаттылығын жетілдіру және электронды ақпараттық ресурстарды насихаттау бағытында арнайы оқыту тренингтері, интернет-презентациялар және т.б. іс-шаралар өткізілді;

-  кітапхана қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында жаңаша озық іс-тәжірибелер енгізілді;

кітапхана қорын жан-жақты насихаттау бағытында жаңа форматта ақпараттық және көпшілік іс-шаралар ұйымдасырылды.

ҚҰРЫЛЫМЫ

Кітапхана құрылымында  әрқайсысының ерекшеліктері бар, бірақ, бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейтін 4 сектор қызмет көрсетеді. Олар:

I. Кітап қорын толықтыру және ғылыми  өңдеу секторы

II. Ақпараттық қызмет көрсету секторы

III. Ақпараттық-библиографиялық секторы

IV. Электронды ресурстарды үйлестіру секторы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support