• KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ! СІЗДІ “ЖЫЛ ПАТРИОТЫ” НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНУІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. ІЗГІ НИЕТПЕН ТАРМПУ ҰЖЫМЫ. // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



Ректордың үндеуі

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

Д.П. ҚОЖАМЖАРОВАНЫҢ ҮНДЕУІ


Қымбатты достар!

Өзінің құрылған уақытынан бері аға буынның бірнеше легін ауыстырып, өскелең жас ұрпақтың көптеген буынын тарих сахнасына шығарған Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Білім және ғылым ордасының іргетасы 1967 жылы қаланған және бүгінгі таңда егемен Қазақстанның беделді оқу орындарының бірінен саналады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізіне ие оқу орны.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды басты мақсат тұтады және жалпы елге және аймаққа қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындайды. Сондай-ақ, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізіне ие.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – алыс және жақын шет елдердің 28 университеті мен зерттеу орталықтарымен әріптестік байланыс орнатып, жоғары білікті мамандарымен бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Біздің институт 2010 жылғы 17-қыркүйекте институтымыз қазақстандық 30 оқу орнының қатарында Болоньяда Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Осы арқылы институт өзінің Болон үдерісінің негізгі ұстанымдары: академиялық ұтқырлықты, ЖОО дербестігін, академиялық еркіндікті, білім мен ғылым интеграциясын және т.б. қолдайтындығын танытты.

Бүгінгі таңда Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты Сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім ордасы. Институт құрамында 7 факультет, 26 кафедра, ғылыми-зерттеу орталықтар қызмет атқарады. 49-дан астам ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, 95 PhD. докторлары мен ғылым магистрлері еңбек етеді. Заманауи зертханалармен, лингафонды кабинеттермен, компьютерлік және интернет дәрісханаларымен, интерактивті тақтамен, электронды оқу залдарымен жабдықталған 8 оқу ғимаратында 29 бакалавриат  мамандығы бойынша 7 мыңға жуық студент білім алады. Институт Қазақстанның барлық аймақтарында білім, ғылым, өнер, спорт және мемлекеттік қызмет пен бизнес саласында табысты еңбек етіп жүрген 30 мыңға жуық мамандарды дайындады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының алға қойып отырған ең басты миссиясы – жоғары білікті, заманауи, жаңа тұрпатты мұғалім дайындау. Институт мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды басты мақсат тұтады. Және осы жолда сүбелі қызмет атқаруда.

Біз, Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз, себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрастырады және еліміздің даму бағытының қалыптасуында ат салысады. Бұл біздің маңызды нәтижеміз, біз онымен мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз.

Қымбатты білім қуған арманшыл жастар! Сіздерді жарты ғасырлық тарихы бар институтымызға шақырамыз! Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына қош келдіңіздер!

Құрметпен, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Дария Пернешқызы ҚОЖАМЖАРОВА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support