• KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ! СІЗДІ “ЖЫЛ ПАТРИОТЫ” НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНУІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. ІЗГІ НИЕТПЕН ТАРМПУ ҰЖЫМЫ. // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



Химия-биология факультеті

Қалыптасуы және өмір тынысы

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары факультетінің бөлінуіне байланысты №75 бұйрық (10.08.2015ж.) негізінде «Химия-биология факультеті» құрылды.

Факультеттің құрамында 3 кафедра бар:

- «Химия және химияны оқыту әдістемесі»

- «Биология және биологияны оқыту әдістемесі»

- «География және экология»

Факультетте мамандарды дайындаумен және ғылыми зерттеулерді жүзеге асырумен 45 профессор-оқытушылар құрамы айналысады, олардың 3 – ғылым докторы, 1 – PhD докторы, 14 – ғылым кандидаты, 23 магистрлер.

Факультет 5 мамандық бойынша бакалавр дайындайды:

- 5В011200-«Химия»

- 5В011300-«Биология»

- 5В011600-«География»

- «Химия-биология»

- «Биология-география»

Аталған мамандықтар бойынша бүгінгі күні 448 студент білім алады Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Факультетте 10 аса жаңа заманауи құрал-жабдықтармен және аспаптармен жабдықталған зертханалар мен ғылыми-зерттеу агробиостанциясы бар.

Факультеттің миссиясы - Қазақстан Республикасының және Жамбыл облысының өзекті міндеттерін шешуге қатысу, ұлттық және аймақтық еңбек нарығында, халықаралық басекеге қабілетті, шет тілдерін, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, химия, биология және география саласында жаңа тұрпатты жоғары білікті мамандарды дайындау.

Факультеттің стратегиялық мақсаты төмендегі бағыттарға: зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған кеңістіктерді қалыптастыру, мектептермен және білім беру орталықтарымен фундаментальді және қолданбалы зерттеу жұмыстарын дамыту, еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандықтарды дайындау және жұмыс беруші ұйымдармен байланыстарды дамыту, біздің облысымыздың өзекті мәселелерін шешуге арналған креативті және белсенді студенттер мен оқытушылардың кәсіби бағдарын калыптастыру, олардың рухани мәдениетін калыптастыруға негізделген.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңына сәйкес тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының аясында химия-биология факультеті үш тілде білім беру моделін жүзеге асыруда. Оқу бағдарламасы бойынша 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша 4-ші жыл және 5В011300-«Биология» мамандығы бойынша 2-ші жыл көптілді топтар топтастырылған.

Химия-биология факультеті алыс-жақын шет елдер мен Қазақстанның ЖОО және ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде. Бірлескен халықаралық оқу бағдарламалары - академиялық ұтқырлық бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Европаның жоғары оқу орындарында, атап айтқанда Томаш Бати атындағы Злинский университінде (Чехия) 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша Құдайбергенова Ж.С., Бақытжан Э.Е. және 5В011300-«Биология» мамандығы бойынша Халметова Г.М., Лодзь университетінде (Польша) 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша Дәуренбек Г. Д., Қуатова А. білімдерін жалғастыруда.

5В011200-«Химия» мамандығының студенттері Дәуренбек Г. және Қуатова А. Лодзь университетінде (Польша)

5В011200-«Химия» мамандығының студенті Бақытжан Э.Е. Томаш Бати атындағы Злинский университінде (Чехия)

Кембридж Университетінің профессоры Элейн Уилсон Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына арнайы іс-сапармен келді

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Факультетте профессор-оқытушылар құрамы және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. ТарМПИ жанындағы ауданы 100 м2 ғылыми-зерттеу агробиостанциясында «Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы», «Дәрілік өсімдіктер биологиясы», «Генетика», «Эволюциялық ілім», «Мектеп учаскесінде оқу-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру және биометрия» пәндері бойынша зертханалық жұмыстар, СӨЖ және студенттермен ғылыми, курстық және дипломдық жұмыстар жүргізілуде.

«Биология және БОӘ» кафедрасының меңгерушісі, а.ш.ғ.д., профессор Ж.С. Тулеубаев және аға оқытушы М.Қ.Бейсембаевтың басқаруымен қиярдың 4 сорты мен құлпынайдың "Черный принц" сортын жерсіндіріп өсіру технологиясы қолданылды. Жылы-жай маңындағы учаскіде б.ғ.д., профессор С.И. Нурбековтың жетекшілігімен дипломдық жұмыстар бойынша F9-F10 Алмалы, Жетісу, Әлия, Фараби, Бесағаш және Тритикал күздік бидай сорттары егілді.

А.ш.ғ.д., профессор Ж.С.Тулеубаев студенттермен ғылыми-зерттеу агробиостанциясында

Студенттердің зертханалық сабақ сәтінен көрініс

Студенттер халықаралық, республикалық Жас ғалымдар ғылыми-практикалық конференцияларында және Республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленуде. Жыл сайынғы институт деңгейінде ұйымдастырылатын «Жас талап» байқауына факультет студенттері белсене қатысады.

Kids university бағдарламасы аясында Жамбыл облысы мен Тараз қаласы мектептерінің оқушыларымен кездесу

Факультет Kids university - Балалар Университеті жобасы бойынша екінші жыл жұмыс істейді. Осы жобаның шеңберінде Тараз қаласының және облыстың оқушылары жаңа технологияларды меңгеріп, ғылымның түрлі ғылыми салаларында зерттеулер жүргізе алады. Жобаның мақсаты оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға, оларды ғылыммен қызықтыруға, облыстың балаларының интеллектуалды әлеуетін ашуға бағытталған. Жоба үш бағыт бойынша жүргізіледі. Факультеттің ғалымдары оқушыларды химия, биология және география салаларындағы зерттеулермен таныстырады.

Тәрбие жұмыстары

Факультет әрдайым жастар тәрбиесі мен олардың келешек кәсіби қызметінің моральдық-психологиялық дайындығына ерекше назар аударады.

Факультетте профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер «Ар-Намыс кодексі», «100 нақты қадам», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел», «Үшінші жаңғыру - Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады» атты кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және тренингтер өткізіп түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып отырады.

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 a (А блогы), № 7 оқу ғимараты

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support