Химия-биология факультеті

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Химия-биология факультеті

«ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 а (блок В), № 7 оқу ғимараты.

Деканат телефоны:  +7 (7262)-52-53-78

ТАРИХЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінен 10.08.2015ж. №75 бұйрық негізінде «Химия-биология факультеті» құрылды.  Химия-биология факультетінің құрамында 3 кафедра: «Химия және ХОӘ», «Биология және БОӘ», «География және экология». Факультет бірлескен халықаралық оқу бағдарламалары бойынша, студенттер алмасу және тәжірибе өткізу бойынша әлемнің халықаралық Жоғары оқу орындарымен (Сартбаев Саят -  Томаш Бати атындағы Злинский университі (2013-2014); Даулет Асель-Лодзь университеті,  Польша  (2014-2015), Тіленші Ғалия- Лодзь университеті,  Польша (2015-2016)  байланыста жұмыс істейді. Алмасу бағдарламаларына белсенді түрде қатынасу жолдарымен халықаралық ынтымақтастық істеріне тартылуға кең мүмкіншіліктері бар. Химия –биология факультеті бойынша қазіргі таңда 447 білімгер оқиды. «Биология және БОӘ» кафедрасы мен «Химия және ХОӘ» кафедраларына лабораториялық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген кабинеттер ашылған.

МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасының  және Жамбыл облысының өзекті міндеттерін шешуге қатысу, ұлттық және аймақтық еңбек нарығында, халықаралық басекеге қабілетті, шет тілдерін, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, химия, биология және география саласында жаңа тұрпатты жоғары білікті мамандарды дайындау.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Факультетте студенттерді өзін-өзі басқару ұйымы – студенттер Кеңесі құрылады және жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Заңнасына сәйкес  факультет Кеңесін факультет деканы жетекшілік етеді. Факультетті басқаратын жетекшіні-деканды Ғылыми Кеңесте сайлайды. Факультет Кеңесі – факультеттің барлық аспектілері мен іс-әрекеттерін жүзеге асыратынын бақылайтын ұйым. Факультет Кеңесінің жұмысы - білім беру спектрінің кеңеюіне және студенттермен тәрбие жұмыстарының дамуына, ғылыми зерттеу жұмыстарын анықтауға, құрылымы мен оның мазмұнына, сапалы білім беру процессіне бағытталған. Факультет Кеңесінің құрамында 19 мүше кіреді: факультет Кеңесінің төрайымы – декан, ғылыми дәрежесі бар профессор оқытушылар құрамы (3 ғылым докторы, 11 PhD докторы, 18 ғылым кандидаты, 16 магистрлер және 9 жас ғалымдар), деканның орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, факультеттің жауапты оқытушылары және студенттерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы. Факультеттің  жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес Кеңес жұмыстары жүргізіледі. Факультетті басқару ұжымдық және бірлік принциптерінің негізінде құрылады, студенттердің оқытушылардың қызметкерлердің іс-әрекетіндегі маңызды сұрақтарды шешуге қатысу.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support