«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАЛПЫИНСТИТУТТЫҚ ГАЗЕТІ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЙЕЛ. ҚОҒАМ. САЯСАТ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАЛПЫИНСТИТУТТЫҚ ГАЗЕТІ

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАЛПЫИНСТИТУТТЫҚ ГАЗЕТІ

«Нұрлы Жол» – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының төл басылымы. Газет 2005 жылдан 2015 жылдың қыркүйек айына дейін «Білім нұры» атауымен шығып келді. Ал, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Нұрлы Жол» жалпыинституттық жастар газеті болып өзгерді. Негізгі бағыты – институттың мәдени-көпшілік орындарында және факультеттерінде өтіп жатқан негізгі жаңалықтармен, оқу-әдістемелік жұмыстарына арналған әртүрлі іс-шаралармен, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары атқарылып жатқан іс-әрекеттермен оқу-орын қызметкерлерін, ұстаздар мен студенттер қауымын таныстырып отыруға бағытталған.

Газеттің ең басты мақсаты – институттағы қызметкерлерді, оқытушылар мен студенттерді ғылыми, қоғамдық, мәдени жаңалықтармен, факультеттерде өткен шаралармен, жаңа оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, монографиялармен, сонымен қатар студенттің мамандық игерудегі жаңа көркем шығармашылықтағы табыстарымен таныстыру. Сондай-ақ, институттағы жазуға бейімі бар студенттердің шығармашылығын арттыру һәм қолдау көрсету.

«Нұрлы Жол» газеті негізінен студенттерге арналып, ізденушілердің көмегімен жарық көрген басылым. Алдағы уақытта еліміздің қабырғалы қаламгерлері  үшін нағыз журналистиканың мектебі болады деген үкілі үміт бар.

Редакция газеттің республикалық мәртебесі артуы үшін оқырмандарымен тығыз байланыста болуға, газет материалдарының мазмұндық деңгейі мен көркемдік безендіруін көтеру міндетін алға қояды.

Газет айына бір рет, түрлі-түсті 8 бет болып жарық көреді. Жалпы тиражы – 1000 дана.

Басылымда жастарға арналған «Жасын», «Ұшқын», «Біз айтсақ...», «17 жасыма хат» «Рух» т.б. айдарлар аясында қалам ұстаған жастардың шығармашылығы жарияланып отырады. Сондай-ақ, «ТарМПИ сұлтаны», «ТарМПИ аруы» атты өзгеше айдарлар жұмыс істейді. Онда институттың үздік студенттерінің ғылым мен білімдегі, спорттағы, қоғамдық жұмыстардағы жеткен жетістіктері баяндалады.

«Нұрлы Жол» газетінің бас редакторы – Жандар Асанов.

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 1 оқу ғимараты, 408 кабинет.

Байланыс тел.: +7 777 511 56 56. Газеттің электронды мекен-жайы: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

№ 1 маусым 2015 жыл

№ 1 қыркүйек 2015 жыл

№ 2 қазан 2015 жыл

№ 3 25 желтоқсан 2015 жыл

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support