ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ МЕН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫЛСЯ «ЦЕНТР КОРРЕКЦИОННОЙ ПОДДЕРЖКИ РЕЧЕВОГО РАЗВИТИЯ ДЕТЕЙ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (TARSPI_MEDIA) // ОТКРЫТ ЦЕНТР «САМОПОЗНАНИЕ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ МЕН НЗМ ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРГПИ И НИШ УСТАНОВИЛИ ВЗАИМОСОГЛАШЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // УЧАЩИЕСЯ ШКОЛ ПОЗНАКОМИЛИСЬ С СОВРЕМЕННЫМИ ЛАБОРАТОРНЫМИ РАБОТАМИ (TARSPI_MEDIA)

ИБРАИМОВА ЛЕСКҮЛ НҰСҰПҚҰЛҚЫЗЫ

Факультет деканы


Ибраимова Лескүл Нұсұпқұлқызы 14 қараша 1960 жылы Меркі ауданы, Жамбыл облысында  дүниеге келген. 1977 жылы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, 1982 жылы аталмыш оқу орнын  үздік бітіріп шықты.

Л.Н.Ибраимова өзінің ғылыми-педагогикалық еңбек жолында нағыз зерттеуші ғалым ретінде танылып, 2007 жылдың 1 маусымында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі ОД 14.61.35 біріккен диссертациялық кеңесінде 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен Ибраимова Лескүл Нұсұпқұлқызына педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілген.

Л.Н. Ибраимованың ғылыми еңбектері қазіргі кезде көкейкесті жалпы ғылым мен мемлекеттік бағдарламаға сай, ғылымның даму сұраныстарына сәйкес жүргізілуде. Лескүл Нұсұпқұлқызы 60- тен аса ғылыми мақалалар мен 4 оқу құралдарының авторы.

Ғылыми педагогикалық  еңбек өтілі - 32 жыл.  1994 жылдан 2002 жылға дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Практикалық орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы, 2002 жылдан - 2013 жыл аралығында «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының аға оқытушысы,  доцент қызметтерін атқарған.

2013 жылдан Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орталық басшысы.

2015 жылдың 22 тамызынан Өнер және мәдениет факультетінің деканы.

Бір ұл, екі қыз, төрт немересі бар.

Л.Н. Ибраимова «Институтқа - 45 жыл» төс белгісінің иегері, Тараз қаласы әкімінің «Ұлағатты ұстаз-2013» номинациясы және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен марапатталған.

Байланыс телефоны: 42-54-87, +7 777 423 16 33

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support